ЖШС«Асыл-KIDS»бөбекжай бақшасы

 

Бұйрық № 15

20.08.2025 жыл                                                                                    Қаратау қаласы

 

Тәрбиеші лауазымы  бойынша

 конкурс жариялау туралы

 

Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурызындағы № 57 бұйрығын  басшылыққа  алып  БҰЙЫРАМЫН:

  1. Тәрбиеші лауазымына 1,0 бірлік уақытша бос орын сайтта жариялансын.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

 2) жеке басын куәландыратын құжат;

 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 12 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.

  1. Құжат тапсыр күні: 28.08.2025 жылға дейін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын өзіме қалдырамын.

 

Негізі: өндірістік қажеттілік

        

 

Меңгеруші                                                 П.Агпайдарова