Тәрбиеші лауазымына уақытша қабылдау туралы
https://asyl-kids-sad.testim.kz/kz/bos-oryn.html#sigFreeIdcd9accd716
ЖШС«Асыл-KIDS»бөбекжай бақшасы
Бұйрық № 15
20.08.2025 жыл Қаратау қаласы
Тәрбиеші лауазымы бойынша
конкурс жариялау туралы
Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурызындағы № 57 бұйрығын басшылыққа алып БҰЙЫРАМЫН:
- Тәрбиеші лауазымына 1,0 бірлік уақытша бос орын сайтта жариялансын.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 12 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.
- Құжат тапсыр күні: 28.08.2025 жылға дейін.
- Осы бұйрықтың орындалуын өзіме қалдырамын.
Негізі: өндірістік қажеттілік
Меңгеруші П.Агпайдарова
КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Орналасқан орны: Қаратау қаласы,Ы.Алтынсарин көшесі №34
Пошталық мекен-жайы: asyl-kids@mail.ru
Мекеме атауы: ЖШС «Асыл-KIDS» бөбекжай бақшасы
Уақытша бос лауазым атауы:Уақытша психолог - бос орынға
Негізгі функционалдық міндеттер:
- Лауазымдық міндеттері
- Тәрбиешілердің психикалық, соматикалық және әлеуметтік қолайлығын сақтауға бағытталған кәсіби әрекетті жүзеге асыру.
- Бала құқығын қорғау Конвенциясына сәйкес жеке құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі.
- Ұйымының әлеуметтік саласын үйлестіруге көмектеседі және әлеуметтік бейімделе алмаушылықтың алдын алу бойынша алғашқы шараларды жүзеге асырады.
- Тәрбиеленушілердің дамуына кедергі келтірілген факторларды анықтайды және әртүрлі психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қарастырады (психотүзетушілік, ағартушылық және консультация).
- Тәрбиеленушілерге, олардың ата – аналарына (оларды алмастырушы тұлғаларға), педагогикалық ұжымға нақты проблемаларын шешуге жәрдемдеседі.
- Түрлі бейіндегі және мақсаттағы псиологиялық диагностикалау жүргізеді.
- Зерттеу материалдары бойынша тәрбиеленушілердің жеке басының және әлеуметтік дамуы проблемасындағы оқытушылар ұжымының, олардың ата-аналарының (оларды алмастырушы тұлғалардың) бағдарын анықтау мақсатында жүргізілген зерттеудің психологилық – педагогикалық қорытындысын жасайды.
- Белгіленген формада құжаттама жүргізеді және оны тиісінше пайдаланады.
- Тәрбиеленушілердің дамуындағы жеке және жыныс – жастық ерекшеліктеріне ескере отырып, дамушы білім беру бағдарламаларын жоспарлауға және жасауға қатысады, оларды әртүрлі өмірлік және кәсіби өзін – өзі тану жағдайларында бағдарлана білуін дамытуға жәрдемдеседі.
- Табиғатынан дарынды тәрбиеленушілердің псиологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуымен ізденісіне жәрдемдеседі.
- Тәрбиеленушілер дамуындағы ауытқушылық дәрежесін (ақыл – ой, дене, эмоциялық), әлеуметтік дамуындағы түрлі бұзылуларды анықтайды және оларды психологиялық – педагогикалық түзеті жұмыстарын жүргізеді.
- Тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ата – аналарының (оларды алмастырушы тұрғалардың) псиологиялық мәдениетін қалыптастыру.
- Білім беру ұйымы қызметкерлеріне тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлер мен ата – аналарының ( оларды алмастырушы тұлғалардың) әлеуметтік – психологиялық біліктілігін арттыру бағытталған псиологияны тәжірбеде пайдалану мәселелері бойынша кеңестер береді.
- Педагогикалық, ата – аналар жиналысына, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру бағдарламасында қарастырылған шараларды өткізу бойынша әдістемелік кеңестер жұмысына қатысады.
- Өзінің кәсіби біліктілігін көтереді.
- Білім беру процесі барысында тәрбиеленушілер өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.
- Техникалық қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қорғаныс ережелері мен нормаларын орындайды.
;
Еңбек ақы мөлшері: 0,5 штаттық бірлік.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары мен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- Кадрларды есепке алубойынша толтырылған жеке іс-парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген бар болса);
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары мен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 шілдедегі №ҚР ДСМ-59 бұйрығыменбекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеутізімінде №23469 болыптір келген);
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Біліктілік тестілеу сертификаты;
- Түйіндеме.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7 күн
КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Орналасқан орны: Қаратау қаласы,Ы.Алтынсарин көшесі №34
Пошталық мекен-жайы: asyl-kids@mail.ru
Мекеме атауы: ЖШС «Асыл-KIDS» бөбекжай бақшасы
Уақытша бос лауазым атауы:Уақытша логопед - бос орынға
Негізгі функционалдық міндеттер:
Педагог-логопедтің міндеттері:
3.1. тәрбиеленушілердің балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады;
3.2. тәрбиеленушілердің психофизикалық даму бұзылыстарын еңсеру үшін жеке оқу, жеке-дамытушы, түзету-дамытушы бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар) сабақтар өткізеді;
3.3. тәрбиеленушілердің арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;
3.4. Білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
3.5. Басқа педагогтермен және мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, білім беруде инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді;
3.6. Басқа педагогтармен және мамандармен тығыз байланыста тәрбиеленушілердің дамыту және әлеуметтендіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
3.7. Тәрбиешілерге, адамдардың (балалардың) ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде консультация береді;
3.9. Болжау, жоспарлау және ұйымдастыру:
- түзете-дамыту жұмысының жеке бағдарламаларын ресурстық қамсыздандыру;
- түзету жұмысын ұйымдастыру барасында педагогтардың және ата-аналардың кәсіптік құзыретін жоғарылату бойынша шаралар;
- сөйлеу тілдік бұзылыстары бар балалар туралы ақпаратты жинау және қорландыру;
- түзете-дамыта оқыту саласында қабылданған шешімдерді орындау;
- тәрбиеленушілерді ары қарай мектептік және әлеуметтік бейімдеу жұмысын.
;
Еңбек ақы мөлшері: 0,5 штаттық бірлік.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары мен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- Кадрларды есепке алубойынша толтырылған жеке іс-парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген бар болса);
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары мен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚазақстанРеспубликасының Денсаулық сақтау министірінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 шілдедегі №ҚР ДСМ-59 бұйрығыменбекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеутізімінде №23469 болыптір келген);
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Біліктілік тестілеу сертификаты;
- Түйіндеме.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7 күн








